Нұр-Сұлтан қаласында «Мемсараптама» РМК-нің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жыл жоспарлары бойынша республикалық жиналысы аясында «Адамдарды басқару» тақырыбында оқытып-үйрету семинары өткізіліп, оған «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директоры С.О. Лекеров қатысты.
Семинарда мынадай мәселелер талқыланды: коммуникацияның тиімді стратегияларын өз адамдарыңыз бен өзге де адамдарды ынталандыруға қажеттіліктерді түсіне білу арқылы құру, көщбасшылық арқылы ынталандыру, мінез-құлқымыз бен айналамыздағы әлемде не өзгерте аламыз, құзыреттіліктің жаңа моделіне сәйкес мінез-құлықты қалай тиімді бағалау керек, сенім – біздің жаңа корпоративтік мәдениетіміздің іргетасы және т.б.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Мемсараптама» РМК-нің республикалық жиналысын және оқытып-үйрету семинарын жоғары дәрежеде ұйымдастырылған семинар үшін «Мемсараптама» РМК басшылығына алғысымызды білдіреміз!