Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«МЕМСАРАПТАМА» РМК ЖАРҒЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ

"Мемсараптама" РМК қызметінің мақсаты:

1) жобалау шешімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына сәйкестігін (сәйкес )стігін) белгілеу, сондай-ақ жобалау шешімдері мен талаптарды есептеуде сақталуы арқылы жобалардың сапасына талдау және бағалау жүргізу:
мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық нормалар;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер және гигиеналық нормативтер;
2) электрондық мұрағатта бар техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын алу үшін мемлекеттік банкке жүгінген жеке немесе заңды тұлғаларға құрылыс жобаларын ұсыну.

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 64-4-бабына сәйкес барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы, мемлекеттік монополияға жататын құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптамасы, сондай-ақ 63-1-бабына сәйкес құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелер беру, құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.

"Мемсараптама" РМК-ның жарғылық құжаттамасы:

Жарғы

Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама

25.05.2017 жылғы ҚҚС

AttachmentКөлем
spravregkaz.pdf130.76 Кб