«Мемсараптама» РМК-нің сарапшылары 2018 жылғы 15 қазаннан 19 қазан аралығында Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы) қаласында «Жылумен жабдықтау жүйелерін кешенді жобалау (жылу желілерін, орталық жылу бекеттерін және жеке жылу бекеттерін жобалау)» біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысты.
Модераторы: ЧОУ ДПО «ЦНТИ-Прогресс».
Біліктілікті арттыру бағдарламасы мынадай тақырыптардан тұрды:
- ЖЖ, ЖБ жобалаудың қолданыстағы регламенттері мен стандарттары.
- Жылу желілерін жобалау тәжірибесі.
- Жылу желілерінің есептері.
- Жылу бекеттерін жобалау тәжірибесі. ОЖБ және ЖЖБ-нің технологиялық схемалары. ЖЖБ-нің схемалық шешімдерінің ерекшеліктері. ЖЖ-ға арналған жабдықтарды таңдау және ерекшеліктері. Сыртқы ЖЖ жұмысын ЖЖ-нің жылумен жабдықтаудың ішкі жүйелерімен гидравликалық үйлестіру.
- Есепке алу торапын жобалау.
- Жобалау бойынша регламенттейтін құжаттама. Шығыстарды өлшегіштермен өлшенетін диапазондар есебі. Типтік есепке алу торапының құрамындағы үлгілермен жабдықтарды таңдау. Жобаның құрамы. Жобалар бойынша ескертпелер. Жылусанауыштардың сағат бойынша жұмысын талдау.
- Жылумен жабдықтау жүйесінің жобалау құжаттамасын сараптау.
Оқыту аяқталаған соң қатысушыларға курстан өту туралы куәліктер берілді.