Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру шараларының Жоспары шеңберінде филиалда семинар өткізілді

2017-06-15
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру шараларының Жоспары шеңберінде филиалда семинар өткізілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру шараларының Жоспары шеңберінде филиалда семинар өткізілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қоғамның алдына қойылатын бірден бір тапсырма – ол ақпаратқа қол жетімділік және айқындылық. Осындай кең жариялаулар жемқорлықтың әрі қарай етек жаюына кедергі келтіреді. Жемқорлық әрекеттерді тек БҰҚ ғана жария ете алады. Егер БҰҚ сондай әрекеттерді әр кезде де жария етіп отырса, ондай белгілер қарастырусыз қалмайды, сонда біз үлкен жетістіктерге жетеміз. 2017 жылғы 15 маусымда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласының филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп дағдысы және қоғамдық сананы қалыптастырудағы Бұқаралық ақпарат құралдарының (БҰҚ) рөлі» атты тақырыпта қызметкерлерге арналған семинар өтті. Семинардың ашылуы филиал директоры С.О. Лекеровтың кіріспе сөзімен басталды. Филиалда филиал қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп отыратыны, яғни дәрістер, семинарлар өткізілетіні жайлы айтып өтті. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберіндегі елімізде болып жатқан жағдайлар туралы жаңалықтар тізбесінен, лауазымды тұлғаларды ұстау және шаралар қолдану кезеңдері туралы бейнебаяндар, әлеуметтік роликтер көрсетілді. Семинар барысында «Мемсараптама» РМК ішкі бақылау бөлімі басшысының орынбасары А.Ж. Рахманкулов сөз сөйледі Ол Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бір орында тұрған жоқ, үнемі дамып келетіні жайлы, ол тенденцияның халықтың, барлық азаматтық қоғам институттарынан қолдау тауып отырғаны жайлы айтып өтті. Сонымен бірге, қазіргі маңызды мәселе заңнаманың барлық тармақтарының тәжірибеде жүзеге асып, кәсіпорынды басқару жүйесіндегі жемқорлықты түп тамырымен құрту керек екендігі жайлы да атап өтті.