Наурыз – тіршіліктің бастауы, бейбітшілік пен көктем мерекесі! 18 наурыз күні «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының ұжымы еңбектің, татулықтың және достықтың мерекесін атап өтті.
Мерекелік шара филиал директорының құттықтауымен басталды. Ұжым қызметкерлері би билеп, шағын көрініс қойды. Ұлттық тағамдармен дастархан жайылып, бір-бірімізге игі тілектер тілеп, ақсақалымыздың батасымен аяқталды.