Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Бас директордың бірінші орынбасары

Бас директордың бірінші орынбасары

Еркін Керімбекұлы Төрәлиев

1977 жылы 9 қазанда Қызылорда қаласында туған, қазақ.

Екі жоғары білімі бар:
Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты (инженер-құрылысшы);
Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (экономист-менеджер).

Наградалары, алғыстары:
Қызылорда облысы құрылыс басқармасының алғыс хаты (2007 жыл);
Қызылорда қаласы әкімінің алғыс хаты (2010 жыл);
Қызылорда қаласының құрмет грамотасы (2013 жыл);
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» Қазақстан Республикасының Мерейтойлық медалі;
«Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл» төс белгісі;
«Қызылорда облысына 70 жыл» төс белгісі;
«Қызылорда қаласына 190 жыл» төс белгісі.

Жұмыс тәжірибесі:

1999 – 2006 жылдары Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда әртүрлі лауазымдардағы жұмыс;
2006 жылғы мамырдан – 2008 жылғы шілде Қызылорда облысы Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары;
2008 жылғы шілде – 2009 жылғы қаңтар Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;
2009 жылғы қаңтар – 2010 жылғы ақпан Қызылорда облысы Құрылыс басқармасының бастығы;
2010 жылғы ақпан – 2010 жылғы маусым Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі;
2010 жылғы шілде – 2013 жылғы ақпан Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;
2013 жылғы наурыз – 2016 жылғы мамыр «Ер-Ару и К» ЖШС-нің құрылыс жөніндегі директоры;
2016 жылғы мамыр-маусым Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Сумен жабдықтау және су бұру басқармасы басшысының міндетін атқарушы;
2016 жылғы маусымнан «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары.

Жетекшілік ететін мәселелері:
Жобаларға (жобалау алдындағы, жобалау-сметалық құжаттамасына) мемлекеттік сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу.