Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Бір шаңырақ астында...

2015-05-12
Бір шаңырақ астында...
Бір шаңырақ астында...
Бір шаңырақ астында...
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының (бұдан әрі – филиал) іс жүргізуін кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшірудің 2015-2016 жылдарға арналған Жоспарын орындау аясында, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының IV тарауын орындау үшін, 2015 жылғы 12 мамырда филиал «Бір шаңырақ астындағы ел» атты іс шара өткізді. Елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – ҚХА) Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында Елбасының Қаулысы негізінде 2015 жыл – ҚХА жылы жеп жарияланған болатын. Ақпараттық дәріс түрінде өткізілген іс шара осы тақырыпқа арналып, Қазақстан халқының бірлігі, ұлттық идея, азаматтық біртұтастық жөнінде айтылып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жайында айтқан сөзі келтіріліп, ҚХА-ның құрылған және қызмет еткен тарихи кездері жөнінде бейнеролик көрсетілді. Іс шара филиал қызметкерлерінің 2015 жыл – ҚХА жылы деп жария етуі туралы Елбасының Жарлығын талқылаумен жалғасып, құттықтау лебізі білдіріліп, әдеттегідей, өлең сөздерімен аяқталды.