Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемлекеттік сатып алу Заңы және сатып алуды электрондық түрде жүргізу қағидалары жөнінде семинар

2015-02-09
Мемлекеттік сатып алу Заңы және сатып алуды электрондық түрде жүргізу қағидалары жөнінде семинар
Мемлекеттік сатып алу Заңы және сатып алуды электрондық түрде жүргізу қағидалары жөнінде семинар
2015 жылғы 5-6 ақпанда «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің біліктілігін көтерудің 2015 жылғы жоспары шеңберінде филиалдың ӘБҰ-ның бас маманы (есепші, мемлекеттік сатып алу жөніндегі) Г.Қ. Қартабаева «ҚЭДХО-Қазақстан» ЖШС-нің Білім беру бағдарламаларын дамыту және жүзеге асыру бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына, Мемлекеттік сатып алуды электрондық түрде жүргізудің 2014 жылғы 14 сәуірдегі Қағидасы мен Сатып алудыды жүзеге асырудың 2014 жылғы 21 мамырдағы Қағидасына сай Мемлекеттік сатып алу» тақырыбына ұйымдастырып өткізген семинарға қатысты. Семинар мемлекеттік сатып алудың куәландырылған маманы, бизнес-тренер, «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналының авторы, дәріс оқушы Н.А. Худайбергенованың басшылығымен өтті. Қатысушылар келесі тақырыптарға қатысты оқу курсын өтті: «Қазақстан Республикасында сатып алудың барлық түрлеріне шолу», «Заң мен Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар», «Заң нормаларын қолданусыз жүзеге асырылатын, жабдықтаушы таңдауымен белгіленетін мемлекеттік сатып алулар және жабдықтаушымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасау», «Байқау және аукциондық құжаттама», «Байқауға және аукционға тапсырыстар жинау», «Электрондық шарт» ұғымы», «Мемлекеттік сатып алуға байланысты шектеулер», «Арзандатуға саудаласуды қолданып ашық тендер жүргізу». Семинар аяқталарда барлық қатысушыларға тиісті куәліктер берілді.