Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚОШАЙ ТЛЕКҚАБЫЛ ТЛЕГЕНҰЛЫ

2015-02-25
ҚОШАЙ ТЛЕКҚАБЫЛ ТЛЕГЕНҰЛЫ
ҚОШАЙ ТЛЕКҚАБЫЛ ТЛЕГЕНҰЛЫ 2015 жылғы 25 ақпанда 62 жасқа қараған шағында тамаша азамат Қошай Тлекқабыл Тлегенұлы ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмған. Қошай Тлекқабыл Тлегенұлы Қазақстан Республикасы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында 1953 жылғы 23 қыркүйекте дүниеге келді. 1978 жылы Қарағанды политехникалық институтының инженер-құрылысшы мамандығын бітіріп, 1982 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік жоспардың және 1990 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институты жанындағы Орталық мекемеаралық Құрылысшылардың біліктілігін көтеру институтының Алматы филиалында біліктілікті көтеру курсын өтті. Тлекқабыл Тлегенұлының қызметі «Казсельхозтехника» аудандық бірлестіктен басталды. 1978 жылдан бастап Ақтөбе облыстық атқарушы комитеті күрделі құрылыс бөлімінің сараптама тобының инженері, 1981 жылдан бастап Ақтөбе облыстық атқарушы комитеті күрделі құрылысты жоспарлау бөлімінің аға экономисті, 1983 жылдан бастап Ақтөбе облыстық атқарушы комитеті құрылыс және сәулет істері бөлімінің қалалық МСҚБ инспекциясының өндірістік топ басшысы, инспекция бастығы, 1984 жылдан бастап Батыс-Қазақстан темір жолының Жолқұрылыс тресті техникалық бөлімінің аға инженері, 1986 жылдан бастап Алматы теміржол көлігі инженерлері институты Ақтөбе филиалы директорының орынбасары, 1987 жылдан бастап Ақтөбе облыстық атқарушы комитеті сәулет және қала құрылысы басқармасы МСҚБ-ның аға инженер-инспекторы, 1992 жылдан бастап Ақтөбе облыстық әкімшілігі жанындағы жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау бюросының бас маманы, бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 1992 жылғы 20 мамырдан бастап Тлекқабыл Тлегенұлы Ақтөбе облыстық әкімшілігі жанындағы жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау бюросының бастығына тағайындалды. Төрт жыл өткен соң, 1996 жылғы 1 сәуірден бастап Тлекқабыл Тлегенұлы өз қызметін Ақтөбе облыстық жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау («Ақтөбемемсараптама» ЕМК) кәсіпорнының директоры ретінде жалғастырды. Тлекқабыл Тлегенұлы «Ақтөбемемсараптама» ЕМК-ның дамуына 12 жыл адал және баянды еңбек сіңіріп, негізін қалаушыларының бірі болып табылады. Тлекқабыл Тлегенұлы беделді өмір жолынан өтіп, зейнетақыға шықса да, бауырына басқан ұжыммен байланыста болып, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметіне және жетістіктеріне көңіл бөлді. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы Қошай Тлекқабыл Тлегенұлының мезгілсіз өмірден озуына байланысты отбасына, туыс-бауырларына, жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы ұжымы