Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Нысандар мен кешендердің құрылысына арналған жоба алды және жобалау-сметалық құжаттаманы электрондық түрде қабылдаудың тұсаукесері»

2014-03-06
«Нысандар мен кешендердің құрылысына арналған жоба алды және жобалау-сметалық құжаттаманы электрондық түрде қабылдаудың тұсаукесері»
«Нысандар мен кешендердің құрылысына арналған жоба алды және жобалау-сметалық құжаттаманы электрондық түрде қабылдаудың тұсаукесері»
«Нысандар мен кешендердің құрылысына арналған жоба алды және жобалау-сметалық құжаттаманы электрондық түрде қабылдаудың тұсаукесері»
«Нысандар мен кешендердің құрылысына арналған жоба алды және жобалау-сметалық құжаттаманы электрондық түрде қабылдаудың тұсаукесері»
Сараптау жұмысын реформалау шеңберінде және ашықтық пен айқындық ұстанымдарын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік сараптамада нысандар мен кешендер құрылысының жоба алды, жобалау сметалық құжаттамаларын (әрі қарай ЖСҚ) электрондық түрде қабылдау жүйесі енгізілуде. Осыған орай, 2014 жылғы 4,5 наурызда Атырау қаласында «Нысандар мен кешендердің құрылысына арналған жоба алды және жобалау-сметалық құжаттаманы www.epsd.kz порталы көмегімен электрондық түрде қабылдаудың тұсаукесері» тақырыбына «Мемсараптама» РМК-нің өңірлік семинар-жиыны өтті. Тұсаукесерге мемлекеттік сараптама, МСҚБ-ның өкілдері, «НАТ-Казақстан» АҚ-ның әзірлеушілері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Батыс өңірінің (Атырау, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан және Маңғыстау облыстары) жобалаушылары мен құрылыстың тапсырысшылары қатысты. Семинардың мақсаты – аталмыш жүйенің жұмыс ұстанымдарын көрсету және түсіндіру. Осы жобаны жүзеге асыру үшін «Мемсараптама» РМК және оның филиалдарына біріккен электрондық мәлімет базасын енгізумен бірге мемлекеттік сараптамаға жобалау құжаттамасын тапсыру кезінде өтініш берушімен интерактивті өзара әрекеттесуді ұйымдастыратын ақпараттық жүйе енгізілді. «Мемсараптама» РМК-ға көрсетілген электрондық қызметтерді іске асыру жобалау-сметалық құжаттаманы қарастыруға тапсырудың мерзімін қысқартып, өтініш берушіге мемлекеттік сараптама жүргізу барысын өзі көріп отыруға мүмкіндік береді. Семинар қатысушыларына мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, мемлекеттік функцияларды атқаруға өтініш беру, сонымен қатар порталдың «жеке кабинет» арқылы электрондық түрде жүзеге асыру тәртібі түсіндірілді. Интернет порталмен жұмыс істеу үшін тіркеу түсіндіріліп, электрондық түрде ұсынылатын құжаттама талаптары таныстырылып өтті. Құжаттаманы тапсыру «Мемсараптама» РМК-нің жеке интернет сайты арқылы жүзеге асырылады, және бұл сайтта аумақ бойынша филиал таңдау қажет (www.epsd.kz). «Мемсараптама» РМК-нің порталы арқылы құжаттаманы электрондық түрде тапсыру үшін өтініш берушінің ҚР куәландыратын Ұлттық орталық көмегімен алынған электрондық-цифрлық қолы міндетті түрді болу керек. Құжаттаманы электрондық түрде тапсыру талаптарын, бастапқы рұқсат құжаттаманың тізімін, порталмен жұмыс істеу нұсқаулығын, және өзге де ақпаратты «Мемсараптама» РМК-нің жеке сайтынан алуға болады (www.gosexpertiza.kz ). Семинар-ұйымға қатысқандар: Атырау облысының әкім орынбасары – Шакимов Т.А., «Мемсараптама» РМК-нің аппарат басшысы – Каримов Т.А., «Мемсараптама» РМК-нің әдіснама бөлімінің бастығы – Ақанов Е.Б., «Мемсараптама» РМК Атырау облысы бойынша филиалының директоры – Кушмурзаев Е.К., «Мемсараптама» РМК Батыс-Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры – Ескендіров Н.К., «Мемсараптама» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры – Хамиев Т.С., «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры – Лекеров С.О., аталмыш филиалдардың ЖСҚ қабылдау бойынша жауапты қызметкерлері. Осылайша, семинарға Ақтөбе облысынан 20 жобалау мекемесінің өкілдері, мемлекеттік мекемелер атынан 6 негізгі мемлекеттік сараптама тапсырысшы өкілдері қатысты. Семинар-ұйымның нәтижелері бойынша, құжаттаманы электрондық түрде қабылдауға тез көшу мақсатында, және аталмыш жүйенің жұмыс ұстанымдарын түсіндіру үшін ықыластарын білдірген мүдделі тұлғалар қатысумен практикалық сабақтарды өз аумағында өткізу шешілді. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы, өз кезегінде, меймандостық көрсетіп, семинарды Қазақстан Республикасының Батыс аумағына тамаша өткізгені үшін «Мемсараптама» РМК Атырау облысы бойынша филиалының директоры мен оның қызметкерлеріне алғыс білдіреді.