Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Инженерлік желілер мен жобалар жүйелері тараулары бойынша семинар

2011-09-23
Инженерлік желілер мен жобалар жүйелері тараулары бойынша семинар
2011 жылғы қыркүйек айының 20-нан бастап 21-ші жұлдызына дейін «Мемсараптама» РМК-да Бас кәсіпорын және «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің сарапшы-мамандары қатысуымен құрылысқа арналған инженерлік желілер мен жобалар жүйелері тараулары бойынша семинар өтті. Семинарды «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары Құралбаев Ұ.Д., содан кейін өндіріс бөлімінің бастығы Хван К.А., инженерлік желілер мен жүйелер секторы басшысы Заиченко Н.И. ресурсты үнемдеуге бағытталған жаңа технологияларды енгізу туралы сөз қозғады. Семинарда сумен жабдықтау және кәріз тазарту имараттарын жобалау тәжірибесін енгізу туралы – Алматы қаласы «ИБК» ЖШС-і, Ақтау қаласының үлгісіндегі қоқыс өңдеуші кешендерін жобалау тәжірибесін енгізу туралы – «КОВИ Консалтинг» ЖШҚ, ағынды суларды тазарту технологиясын жетілдіру жайында – «КОВИ» ЖШҚ-ң Бельгиядағы уәкілі, суды дайындау және зарарсыздандырудың жаңа технологиясы жөнінде – Алматы қаласы «Мембраналық технологиялар» ЖШС-і, суды дайындау және ағынды суларды тазарту алдындағы бекеттеріндегі Duna Sand өздігінен жуылатын құмды фильтрлерін қолдану жайында – Германияның «Nordic Water» компаниясы, елді мекендердің ағынды суларын тазарту технологиялары мен жабдықтары туралы – «ЭкоТОН» ғылыми-өндірістік фирмасы уәкілдері таныстыру рәсімдерін жүргізіп, қатысқан. Семинар қатысушыларына Қосшы ауылындағы тазарту имараттарына және Астана қаласындағы әрекеттегі кәріз желілері құбырларының санациясы нысандарына бару ұйымдастырылды. Қорытындысында, семинар қатысушылары суды тазарту, ағынды суларын тазарту, су қорларын пайдаға жарату, газ, ауа, жерді тазарту, өнеркәсіптік және тұрғын қалдықтарын пайдалану және қайта өңдеу, жаңғырмалы энергия, энерго және қор сақтау және т.б. бөлігіндегі «Көк технологиялар, инновациялар және экоқызметтері» атты ЕСО-ТЕСН көрмесіне барып шыққан.