Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құжатайналымы және мұрағат ісін жүргізу бойынша республикалық семинар

2012-06-01
Құжатайналымы және мұрағат ісін жүргізу бойынша  республикалық семинар
Құжатайналымы және мұрағат ісін жүргізу бойынша  республикалық семинар
2012 жылғы мамыр айының 30, 31 жұлдыздарында Астана қаласында «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің құжатайналымы және мұрағат ісін жүргізу бойынша республикалық семинар өтті. Семинар жұмысына «Мемсараптама» РМК еншілес мекемелері мен филиалдарының уәкілдері қатысты, дәріс оқушы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік тіл кафедра меңгерушісі, педагогикалық ғылымының кандидаты, профессор Туленбергенова Н.Т., дәріс оқушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты сарапшысы Болташев Ж.А. Семинардың негізгі мақсаттары: 1. Іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және ресми хат. 2. Кәсіпорындағы мұрағат ісін жүргізу. Мемлекеттік кәсіпорын қызметіндегі құжаттама мен мұрағат ісінің маңыздылығы жөнінде «Мемсараптама» РМК жалпы бөлім бастығы Сексенбиева Б.Б. сөз еткен. Дәріс оқушы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік тіл кафедра меңгерушісі, педагогикалық ғылымының кандидаты, профессор Н.Т.Туленбергенованың назары іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізудің негізгі қағидаттары және оларды кәсіпорын қызметінде қолдану, сонымен қатар, ресми хаттарды жазудағы қажетті дағдыларды қалыптастыруына бөлінді. Дәріс оқушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының сарапшысы Ж.А.Болташевтің дәрісі кәсіпорындағы мұрағат ісін жүргізуінің ерекшеліктеріне арналған. Құжаттамаларды жүргізу барысында жиі кездесетін қателерге шолып, тәжірибелік үлгілерді талдау жүргізілді. Жетекші маман Баймұрзин А.М.