Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 20 жыл»

2012-06-08
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 20 жыл»
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 20 жыл»
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 20 жыл»
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 20 жыл»
«Ақтөбемемсараптама» ЕМК-да «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 20 жыл» күніне арналған іс-шара өтті. Мемлекет тәуелсіздігіне байланысты маңызды оқиғалары айтылған, ҚР Рәміздері тарихы жайында ақпарат мазмұндалған мемлекеттік рәміздеріне 20-жыл туралы баяндамасында жүргізуші ретінде кәсіпорын аудармашысы сөз еткен. Тәуелсіздік Республикамыздың қалыптасу тарихы елімізге үлкен өзгерістер енгізген тарихи оқиғаларға негізделген. Халықаралық қадірі артып, тәуелсіздік болу кепілдігі мен мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы қамсыздандырылған. Қазақстан халықаралық ұйымдар қатарыа кірді. Қазақстан Конституциясы қуатты президенттік республикасы болуын және билікаралық өкілеттілікті үлестіруді заңды түрде рәсімдеген. Азаматтық қоғам институттары қалыптасты, адам құқықтары сақталып, бұқаралық ақпарат тәсілдері еркін жұмыс жасап жатыр. Экономика өзгерді. Жыл сайын жалпы ұлттық нарық толыққанды бола бастады, мемлекетішілік экономикалық кешен қалыптасуда, экономика құрылым жағынан қайта өзгеруде. Қазақстан халықаралық нарыққа енгізілуде. Жаңадан құрылған әр мемлекеттің алғашқы қадамдары өзінің туы, елтаңбасы және әнұраны болуы. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мемлекеттік рәміздерін шығару жалпы халықтық сипатқа ие болды. Мемлекеттік рәміздер эстетикалық талаптарға жауап беруінен басқа, тарихи, политикалық, экономикалық сипатта болуы тиіс. Жас егемендік мемлекеттің политикалық мәнісін және мақсаттарын нақты көрсететін көркемдік шешім табу қажет етілді. Бұл Шәмші Қалдаяқов, (әнұран), Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов (әнұран мәтіні), Шәкен Ниязбеков (ту), Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлихан (елтаңба) секілді шеберлердің қолынан келген. 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері тарихында ерекше күн болып табылады. Жаңа тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда алғашқы рет бекітілген. 2007 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Бұл оқиғаның 20-жылдығын тойлау «Ақтөбемемсараптама» ЕМК-ы қызметкерлері 3 топқа бөлініп, ҚР мемлекеттік рәміздері туралы хабардарлықтарын танытып, әншілік, сурет салу өнерлерін көрсетіп, патриоттық рухта, топтық сайыс түрінде өтті. Бұл сайыс қатысушыларының шығармашылық және шешендік өнерлері танытылып білінген 3 турдан тұрған. Қатысушылар сайыстың «үздік сурет» тапсырмасында тәуелсіз елімізге көзқарастарын бояулар арқылы білдіріп, мемлекет рәміздерін жасаудағы пікірлер айтып, қазақ халқының өзіндік ерекшелігін қиял арқылы көрсеткен. Қатысушыларымыздың сана-сезіміндегі бейнелер қазақ халқының еркін жан-тәнін көрсететін аспан, күн, киіз үй, дала және тау түрінде келетіні мәлім болған. Шара соңына таман «Ақтөбемемсараптама» ЕМК-ы ұжымымен Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Осылайша, «Ақтөбемемсараптама» ЕМК-ы Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 20-жылдығын тойлап шыққан. Аудармашы-маман Иманбаева А.