2012 жылдың қыркүйек айының 19 – 21 аралығында Өскемен қаласында Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Қанатты тұлпар» атты фестиваль өтті. Онда «Мемсарапатама» РМК-ның Қазақстан Республикасының барлық өңіріндегі филиалдары жиналды.
Фестиваль 3 айналымнан тұрды.
1. Мекеменің жұмысы туралы бейнетұсаукесері.
2. Қазақ халық өлеңін орындау.
3. Қазақстанда тұрып жатқан халықтарының рәсімі мен салт-дәстүрлері.
Үш айналымның қорытындысы бойынша 1 орынды «Мемсарапатама» РМК-ның Талдықорғанмемсараптама филиалы алды. Келесі Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған фестиваль 2013 жылы Талдықорған қаласында өтеді.