2020 жылғы 28 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Алмалы ауданы филиалымен келісілген Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының (бұдан әрі - Филиал) 2020 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жоспарын жүзеге асыру мақсатында, «Филиалдың 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарын орындау» тақырыбында видеоконференцбайланыс (Zoom) арқылы филиал қызметкерлеріне арналған іс-шара өтті.
Семинар ашылуын Филиал директоры С.О. Лекеров кіріспе сөз сөзімен бастап, өз сөзінде Филиалда қызметкерлер бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша үнемі жұмыс жүргізіп отыратындығы, осыған байланысты түрлі іс-шаралар, оның ішінде лекция-әңгімелесулер, семинарлар т.б. шаралар өткізіліп тұратындығы туралы айта кетті.
Іс-шара барысында Филиалдың 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспары тармақтарының орындалуы туралы сөз етілді.
Семинар соңында Филиалдың жауапты тұлғаларына тиісті тапсырмалар берілді.