Сергей Леопольдович 1953 жылы 17 наурызда дүниеге келген. Еңбек жолын 1977 жылғы қараша айында бастап, 2010 жылғы наурыз айына дейін Қарағанды қаласында түрлі жобалау және құрылыс ұйымдарында еңбек еткен.
2010 жылғы сәуір айында «Қарағандымемсараптама» мемлекеттік еншілес кәсіпорнының өндірістік бөлімі бастығы лауазымына шақыртылған.
«Мемсараптама» РМК-де С.Л. Губер ең жауапты лауазымдарды атқарған.
С.Л. Губер ұзақ жылдар атқарған адал еңбегі үшін «Құрметті құрылысшы» атағын, «Еңбек ардагері» медальін иеленіп, Қазақстан Республикасының құрылыс саласы өкілетті органының құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.
Сергей Леопольдович өз ісіне жауапкершілікпен қарап, міндетін адал атқарып, өмірінің соңына дейін ұжымы мен еңбек еткен өңірінің игілігі үшін тер төкті.
«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы Сергей Леопольдовичтің қайтыс болуына орай туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.