2019 жылғы 18 қыркүйекте "Мемсараптама" РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалында «Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салу, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды өзгерту (реконструкция және күрделі жөндеу) үшін жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының жобалық ұйымдары қатысты.
Семинарда келесі сұрақтар талқыланды:
- Жер учаскесін радиологиялық тексеруді қалай дұрыс ресімдеу керек және радиологиялық зерттеу нәтижелерінің қолданылу мерзімі қандай?
- Қазіргі уақытта жобаланатын объектілерді инженерлік желілерге қосу тәртібі қандай?
- Объектіні орналастыру және салу үшін жер учаскесінің эпидемиологиялық салауаттылығы туралы анықтама алу дегеніміз не?