«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы ұжымы Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен және жарылыстардан соң қаладан көшірілген тұрғындарға арнайы ұйымдастырылған «Арыс, біз біргеміз» акциясына қатысты.
Филиал қызметкерлері жақын туыстары Арыс қаласында тұратын филиал жұмыскелеріне атаулы көмек көрсету туралы алқалық шешім қабылдады. Жиналған қаражат түгел адресатттарға жеткізілді.
Филиал ұжымы қаза тапқан отбасыларға қайғырып көңіл айтады және зардап шеккен азаматтардың айығып кетулеріне тілектестік білдіреді.