2019 жылғы 6-7 маусым аралығында «Мемсараптама» РМК-нің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында «НАТ-Қазақстан» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен «Ведомстводан тыс кешенді сарпатаманың бірыңғай ақпараттық жүйесін және Жобалау-сметалық құжаттаманы электронды қабылдау жүйесін басқару, пайдалану және сүйемелдеу» тақырыбына семинар жүргізілді.
Семинар барысында «НАТ-Қазақстан» АҚ қызметкерлері Бірыңғай портал epsd.kz және ВКСБАЖ функционалының барлық соңғы жаңартуларын көрсетті, сондай-ақ жүйелермен басқарудың қосымша аспектілері түсіндірілді.
Осы семинарға «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалының ӘБП бас маманы М.К. Жумагалиев қатысты.
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.