Оқыту іс-шарасы 6-7 маусымда Бірыңғай портал мен ВКСБАЖ әзірлеуші – «НАТ-Қазақстан» АҚ компаниясының алаңында өтті. Семинарға Кәсіпорынның орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық технологиялар саласындағы мамандары қатысты.
Оқыту барысында әзірлеуші epsd.kz бірыңғай порталы мен ВКСБАЖ функционалының барлық соңғы жаңартуларын көрсетіп, жүйелерді әкімшілендіру бойынша қосымша аспектілерді түсіндірді.
Курс шеңберінде сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтіп, онда ел өңірлерінен келген қатысушылар жүйелерді жақсарту бойынша, соның ішінде Бірыңғай портал мен ВКСБАЖ пайдаланушылары атынан келіп түскен ұсыныстармен таныстырып өтті.