28.05.2019 жылы "Мемсараптама" РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы қызметкерлерінің және бас кәсіпорын өкілінің қатысуымен дәріс-әңгіме өткізілді.
Дәріс ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметін қозғады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша бейнематериалдар ұсынылды.