ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 5 наурыздағы аппараттық мәжілісі хаттамасының 8-тармағын орындау мақсатында, 2019 жылғы 10 сәуірде «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері Қарағанды қаласының № 86 мектебінің жоғарғы сынып оқушылары арасында құрылыс мамандығының танымалдылығы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Оқушыларға ҚР құрылыс саласының перспективалары туралы, BIM-технологияларды қолдану арқылы құрылыстық жобалаудың жаңа тәсілдері туралы айтылды.
Кездесу Қазақстанның жоғары оқу орындарының құрылыс және сәулет факультеттеріне талапкерлерді тарту мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.