«Мемсараптама» РМК жұмыскерлерін кәсіби оқытудың 2019 жылға арналған жоспарын орындау үшін 2019 жылғы 6 ақпанда Астана қаласында «2019 жылғы салық және бухгалтерлік заңнамадағы маңызды өзгерістер» тақырыбына семинар өткізілді.
Семинарға қатысушылар – «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің жұмыскерлері және филиалдарының бухгалтерлері.
Семинар барысында мынадай мәселелер қаралды:
1. Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржы есептілігін жасауды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістерге шолу.
• ҚР ҚМ 02.10.2018 ж. № 877 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының жаңа үлгі жоспары (2019 жылдан бастап қолданылып жүрген);
• ҚЕХС (IFRS) 9 «Қаржылық құралдар». Келтірілген залалдар моделінен күтілетін залалдар моделіне ауысу, күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі және мойындау (дебиторлық қарыз, берілген қарыздар, екінші деңгейдегі банктерге орналастырылған ақшалай қаражат);
• ҚЕХС (IFRS) 15 «Сатып алушылармен шарттар бойынша түсім». Түсімді мойындау бойынша бес қадамды модель. «Уақыт мезетіндегі» немесе «уақыт бойындағы» түсімді мойындау. Келісімшарттық активтер және міндеттемелер ұғымы;
• ҚЕХС (IFRS) 16 «Жалдау». Жалға берушідегі жалдауды есепке алу: жаңа тәртіп. Жалдауға құқығын және жалға берушінің қаржы есептіліктегі жалдау бойынша міндеттемелерді мойындау жөніндегі талаптарды алып тастау;
• Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген бехгалтерлік есеп жүргізу қағидалары;
• «Ұйымдар жария мүддесін жариялау үшін жылдық қаржылық есептілік тізбесі мен нысанын бекіту туралы (қаржылық ұйымдарды қоспағанда)» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығы.
2. Бухгалтерлік есеп жүргізу және ҚЕХС-ке сәйкес қаржы есептілік жасау кезінде жиі кездесетін қателер:
• Жаңа бастап жүрген бухгалтердің ТОП-10 қателері;
• Қаржы есептілігін жасау кезіндегі қателер;
• Салық міндеттемелерін есептеу кезіндегі қателер;
• Мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу кезіндегі қателер.
3. Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы 2019 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген өзгерістер.
4. Тәуекелдерді басқару жүйесі.
5. Электронды шот-фактураларды жазып беру. Виртуалды қойма.
6. КТС және ҚҚС бойынша 2019 жылғы жеке маңызды аспектілері;
7. Салық салынатын кірістерді есептеу кезіндегі шегерулерді анықтау;
8. ҚҚС бойынша есепке алу;
9. Электронды шот-фактураларды жазып беру кезіндегі мәселелер.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.