Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Жылумен жабдықтау жүйелерін кешенді жобалау (жылу желілерін, орталық жылу бекеттерін және жеке жылу бекеттерін жобалау)» біліктілікті арттыру бағдарламасы

2018-10-22
«Мемсараптама» РМК-нің сарапшылары 2018 жылғы 15 қазаннан 19 қазан аралығында Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы) қаласында «Жылумен жабдықтау жүйелерін кешенді жобалау (жылу желілерін, орталық жылу бекеттерін және жеке жылу бекеттерін жобалау)» біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысты. Модераторы: ЧОУ ДПО «ЦНТИ-Прогресс». Біліктілікті арттыру бағдарламасы мынадай тақырыптардан тұрды: - ЖЖ, ЖБ жобалаудың қолданыстағы регламенттері мен стандарттары. - Жылу желілерін жобалау тәжірибесі. - Жылу желілерінің есептері. - Жылу бекеттерін жобалау тәжірибесі. ОЖБ және ЖЖБ-нің технологиялық схемалары. ЖЖБ-нің схемалық шешімдерінің ерекшеліктері. ЖЖ-ға арналған жабдықтарды таңдау және ерекшеліктері. Сыртқы ЖЖ жұмысын ЖЖ-нің жылумен жабдықтаудың ішкі жүйелерімен гидравликалық үйлестіру. - Есепке алу торапын жобалау. - Жобалау бойынша регламенттейтін құжаттама. Шығыстарды өлшегіштермен өлшенетін диапазондар есебі. Типтік есепке алу торапының құрамындағы үлгілермен жабдықтарды таңдау. Жобаның құрамы. Жобалар бойынша ескертпелер. Жылусанауыштардың сағат бойынша жұмысын талдау. - Жылумен жабдықтау жүйесінің жобалау құжаттамасын сараптау. Оқыту аяқталаған соң қатысушыларға курстан өту туралы куәліктер берілді.