Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

2018-11-15
Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыты салынады
ақпарат дереккөзі:otyrar.kz Түркістан облысында қуаттылығы жылына 2 млн тонна мұнай өңдеу зауыты салынады. Жаңа зауыт Түркістан облысының Ордабасы ауданында салынатын болады. Жобаның инвесторы - «Standard Petroleum & Co» ЖШС қазақстандық компаниясы. Жобаның жалпы құны - 95 миллиард (тоқсан бес миллиард) теңге. Жоба аясында 1000 жұмыс орны құрылады. Бүгінгі күні жер үсті түсіру жұмыстары 250 гектар жер бойынша жүзеге асырылуда, периметр бойынша қоршаулар орнатылуда. Сондай-ақ, электр желілері өткізілді және учаскеге жол салынды. 2021 жылы «Түркістан» ӘКК «TURKISTAN INVEST» инвестициялық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын жобаның іске қосылуы күтілуде. Өнімдерді сату Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ ТМД елдеріне экспортталатын болады. «TURKISTAN INVEST» Инвестициялық компаниясының баспасөз қызметі