«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы 2018 жылдың 27 қазаны күні жалпы қала бойынша өткен сенбілікке белсене қатысты. Қызметкерлер Филиалға қарасты аумақты, сонымен қатар арық жүйелерін қоқыс пен жапырақтан тазалап шықты.