2018 жылғы 18 маусымда «Мемсараптама» РМК-де Медицина қызметкері күнін атап өтуге арналған салтанатты жиналыс өтті.
Жиналыстың ашылуы «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Н.П. Тихонюктің құттықтау сөзінен басталды. Ол жобаларды экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптау басқармасының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы адал еңбегі, өндірістік қызметте жеткен жоғары нәтижелері үшін «Мемсараптама» РМК жобаларды экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптау басқармасының бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.