Жаңбыр жауса – жер ырысы,
Батыр туса – ел ырысы.
мақал
Кәсіпорын қызметкерлерінің бастамашы тобы ұйым ұжымының, басшылығының және кәсіподағының қолдауымен барлық мұсылмандар үшін қасиетті Ораза Айт мерекесі қарсаңында Атбасар қаласы психикалық дамуы кеш және ақыл-ойының бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетті.
Мектеп-интернат оқушыларына белсенді спорт түрлеріне арналған және ақыл-ойды дамытатын ойындарға (шахмат, дойбы) арналған спорттық мүкаммал заттары, сондай-ақ теледидар сыйға тартылды.
Мектеп-интернаттың балалары келген қонақтар үшін қолөнер көрмесін ұйымдастырып, интернат ішінде шағын саяхат өткізді, сондай-ақ шағын концерт ұйымдастырып, өз таланттарын көрсетті.