Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Құрылыстың құнын айқындаудың ресурстық әдісін жетілдіру. АВС-2018 бағдарламалық өнімдеріндегі жаңашылдықтар» тақырыбына семинар өткізілді

2018-06-04
«Құрылыстың құнын айқындаудың ресурстық әдісін жетілдіру. АВС-2018 бағдарламалық өнімдеріндегі жаңашылдықтар» тақырыбына семинар өткізілді

«Мемсараптама» РМК-нің және оның филиалдарының 2018 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарын орындау үшін 2018 жылдың 31 мамырынан 1 маусымы аралығында Алматы қаласында «Құрылыстың құнын айқындаудың ресурстық әдісін жетілдіру. АВС-2018 бағдарламалық өнімдеріндегі жаңашылдықтар» тақырыбына семинар өткізілді. Осы семинарға «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының сарапшысы А.С.Мазенова қатысты.
Семинар барысында мынадай мәселелер қаралды:
- Қазақстан Республикасының құрылысында 2015-2017 жж. кезеңінде баға белгілеудің әдістемелік тәсілдерінің дамуына шолу. Баға белгілеу және сметалар бойынша мемлекеттік нормативтер жүйесі;
- Қазақстан Республикасы құрылысында 2018 жылдан баға белгілеудің әдістемелік тәсілдерін жетілдіру. «Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын анықтау жөніндегі нормативтік құжаттың» негізгі ережелері мен талаптары;
- 2018 ж. редакциясындағы АВС-4 бағдарламалық кешенінде жаңа әдістемелік тәсілдерді жүзеге асыру. АВС-4 кіру тіліндегі өзгерістер, «Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын анықтау жөніндегі нормативтік құжаттың» жаңа талаптарына сәйкес жинақталған сметалық құжаттаманы әзірлеу және шығару технологиясы.
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға тиісті куәлік берілді.