2018 жылғы 12 маусымда «Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі бойынша филиалы Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті және «ШҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ қызметкерлерімен ВКСБАЖ-де жұмыс істеу бойынша оқытатын іс-шара өткізді. gosexpert.kz порталы және келесі сәттер бойынша жұмыс атқарылды:
- жұмыс кабинетіне кіру мен авторизациялау;
- жұмыс кабинетінің бөлімдері;
- сараптамаға жіберу, негізгі тармақтар;
- жолдама карточкасы;
- қорытынды карточкасы, сараптама нәтижелері, нөмір беру;
- қорытындының мәтіні, құжатты генерациялау және онымен жұмыс істеу, шаблонмен жұмыс істеу, нәтижелерді келісімдеу, қорытындыны тапсырыс берушіге жіберу;
- қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат карточкасы;
- қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат мәтіні, мәтінді жүктеу, келісу;
- жұмыс кабинетінің бөлімдері, құжаттарым және модуль, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру, рұқсат беру үшін алынған хаттар;
- орындаушыны тағайындау;
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156- VІ ҚРЗ Заңымен Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша туындаған сұрақтар қарастырылды.