2018 жылғы 10 қантарда филиал қызметкерлерін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауымен таныстыру шеңберінде филиал директоры жетекшілігімен кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы жиналысы өтті, жиналыс барысында 10 негізгі міндеттер айтылды:
1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
7. Адами капитал – жаңғыру негізі.
8. Тиімді мемлекеттік басқару.
9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
Жиналыста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5-ші міндетінде көзделген құрылыс жүргізудің жаңа әдістері, ғимараттың энергияны үнемдеу талабын көтеру, инфрақұрылымдарды интеллектуалдық жүйемен басқару – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға жол ашылуы туралы бастамасына ерекше көңіл бөлінді.