«Мемсараптама» РМК-нің 2018 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарын орындау үшін «Қазақстан Республикасында заманауи кезеңдегі құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу» тақырыбына семинар өткізлді.
Семинар модераторы - «KAZGOR» жобалау академияся» ЖШС.
Семинар екі кезеңде өткізілді.
- 2018 жылғы 23 ақпанда Алматы қаласында;
- 2018 жылғы 1 наурызда Астана қаласында.
Семинарға қатысушылар – «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппараты және филиалдарының жобалардың сметалық бөлімінің сарапшылары.
Семинар барысында мынадай мәселелер қаралды:
1. Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын анықтау бойынша нормативтік құжат (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрған үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 ж. № 249 бұйрығының 1-қосымшасы).
2. Құрылыстағы қосымша үстеме шығындар мөлшерлерін анықтау бойынша нормативтік құжат (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрған үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 ж. № 249 бұйрығының 2-қосымшасы).
3. Құрылыс ұйымдастыру жобасының шешімдеріне байланысты қосымша үстеме шығындарды анықтау бойынша нормативтік құжат (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрған үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 ж. № 249 бұйрығының 3-қосымшасы).
4. Құрылыстың сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері жинағы.
5. Құрылыс, жөндеу-құрылыс жұмыстары және жабдықтарды монтаждау; уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға жұмсалатын шығындарының сметалық нормалар жинағы; құрылыс-монтаж жұмыстарын қысқы уақытта өндіру кезінде қосымша шығындардың сметалық нормалар жинағы. 2017 жыл (ЭСН РК 8.04-01-2015, ЭСН РК 8.04-02-2015, ЭСН РК 8.05-01-2015, НДЗ РК 8.04-05-2015); 10-шығарылым.
6. Заманауи кезеңде «SANA-2015» БҚ-ны пайдаланумен құрылыстың сметалық құнын анықтау.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар және викторина жеңімпаздарына ұйымдастырушылардан тартулық кәдесыйлар берілді.