2017 жылға арналған «Мемсараптама» РМК-нің жұмыскерлерін кәсіби оқыту жоспарын орындау мақсатында 2017 жылғы 28 қараша мен 29 қараша аралығында Астана қаласында «ҚЕХС-ке және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына 2018 жылғы 1 қаңтардан өзгерістер» тақырыбына семинар өтті.
Семинар қатысушылары - «Мемсараптама» РМК филиалдарының басшылары мен бас бухгалтерлері. Аталмыш семинарға «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалынан директор А.Ж. Касимов және бас бухгалтер С.Н. Дербенева қатысты. Семинар барысында Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына 2018 жылғы 1 қаңтардан өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.