Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Болашақ энергиясы» форумының «Қаладағы энергия тиімділігі. Қалалық жоспарлау, құрылыс және көлік» алтыншы конференциясына қатысу

2017-08-02
«Болашақ энергиясы» форумының «Қаладағы энергия тиімділігі. Қалалық жоспарлау, құрылыс және көлік» алтыншы конференциясына қатысу
«Болашақ энергиясы» форумының «Қаладағы энергия тиімділігі. Қалалық жоспарлау, құрылыс және көлік» алтыншы конференциясына қатысу
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында, Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде 2017 жылғы 31 шілде мен 1 тамыз аралығында «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының өндірістік бөлімінің бастығы М.Б. Курмангалиев және өндірістік бөлімінің сарапшысы М.М. Инсанбаева «Болащақ энергиясы» форумының «Қаладағы энергия тиімділігі. Қалалық жоспарлау, құрылыс және көлік» алтыншы конференциясына қатысты. Форумның алтыншы сериясында тұрақты сәулет пен қалалық жоспарлау, қалдықтарды жою және ресурстарды пайдалану тиімділігінен бастап интеллектуалды транспорт жүйелері мен инфрақұрылымға дейін ұзақ мерзімді кешенді шешімдерді қамтитын тақырыптар қарастырылды. Конференцияда «XXI ғасыр-қалалар ғасыры. Тұрақты қалаландыру мақсатында қалаларды біріктіру» атты тақырыптағы баяндамасымен әлемдік атақты саясаткер, мегаполисті дамыту стратегиясын жасау бойынша консультант, бестселлерлер авторы және Wall Street Journal, Financial Times, Washington Post беделді басылымдар үшін бірнеше мақалалар авторы, басты сипкерлердің бірі доктор Параг Ханна сөз сөйледі. Сонымен бірге, спикерлер қатарында профессор Карло Ратти- Senseable City Lab зерттеу лабораториясының директоры, Флориан Леннерт- Intelligent City Forum директоры, Климат пен қоршаған ортаның өзгеруі бойынша Грэнтем ғылыми-зерттеу институтын құрушы, Швейцарияның Федералды энергетикалық агенттігінің бұрынғы атқарушы директоры Вальтер Штайнманн, Terreform ONE New Lab құрушы Митчел Йоахим қатысты. Форумның шарықтау шегі болашақ энергетикасын тегіс қамту тарихы бар «Астана ЭКСПО-2017 принциптері мен құндылықтар манифесті».