Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Болашақ энергиясы" форумы

2017-08-02
"Болашақ энергиясы" форумы
«Мемсараптама» РМК-нің бекіткен біліктілікті арттыру бағдарламасының шеңберінде Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде 2017 жылғы 31 шілде мен 1 тамыз аралығында өткен «Қаладағы энерго тиімділік. Қалалық жобалау, құрылыс және көлік» атты VI конференциясына «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының сарапшысы Мадиев Ерлан Зинеденович қатысты. Форумның алтыншы сериясында тұрақты сәулет пен қалалық жобалаудан бастап, қалдықтарды пайдаға асыру және ресурстарды пайдаланудың тиімділігі, соңы инфраструктура мен интеллектуалды көлік системасы секілді ұзақ мерзімді кешенді шешімдер турасындағы тақырыптар қаралды. Конференцияда «ХХІ ғасыр – қалалар ғасыры. Тұрақты урбанизациялану мақсатында қалалардың бірігуі» тақырыбында баяндамамен танымал саясаткер, мегаполистерді дамыту стратегиясының кеңесшісі, бестселлер мен «Wall Street Journal», «Financial Times» және «Washington Post» секілді белгілі басылымдардағы мақалалардың авторы – доктор Параг Ханна сөз сөйледі. Форумды ұйымдастырушыларға барлық көлемдегі болашақ энергиясының тарихы тоғытылған, «Астана Экспо – 2017 құндылықтары мен қағидаларының Манифесті» таныстырылды.