«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VI ҚРЗ Заңымен (2017 жылғы 11 наурызда күшіне енеді) құрылыс жобаларының экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жоғарыда көрсетілген Заң күшіне енген күннен бастап, құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасы және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы «Мемсараптама» РМК-де және аккредиттелген сараптама ұйымдарында жүргізілетін болады.
Жобалардың экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы бөлігінде сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамамен белгіленген тәртіппен аттестатталған жеке және заңды тұлғалар тартылатын болады.