Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сметчик-инженерлердің Республикалық одағы» ҚҰ 10 жылдық мерейтойына арналған конференция

2017-04-10
2017 жылғы 06 сәуірде «Ғалымдар үйінде» өткен мерейтойлық конференцияға тыңдарман ретінде өндірістік бөлімі бастығының орынбасары Л.Б. Манапбаева, өндірістік бөлімінің сарапшысы А.А. Наурызбекова, бағалар мониторингі жөніндегі бас маман О.А. Гоголь қатысты. Мерейтойлық конференция баға белгілеудің өзекті мәселелеріне арналды, конференция барысында жаңа ресурсты әдіске көшу, ҚР техникалық реттеу реформасына байланысты баға белгілеу жүйесіндегі өзгерістер, сонымен қатар, басқа мемлекеттердегі баға белгілеу тәжірибесіне шолу жасау мәселелері қарастырылды. «Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитеті» РММ өкілдері құрылыстағы баға белгілеудің маңызы және сметчик мамандардың рөлі туралы баяндамасын, «KAZGOR» жобалау академиясы техникалық реттеу жүйесінің реформасы атты тақырыптағы баяндамасын, Т. Пяртель «Сметчик-инженерлердің Республикалық одағы» ҚҰ жұмысы жайында баяндамаларын оқыды. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы «Сметчик-инженерлердің Республикалық одағы» ҚҰ конференцияға шақырғандары үшін және аталған шараны ұйымдастырғандары үшін үлкен алғыс білдіріп, мерейтойыларымен шын жүректен құттықтайды! Ұжымдарыңыз көркейіп, табысқа кенеле берсін!