2017 жылғы 24 ақпанда «Мемсараптама» РМК-нің мәжіліс-залында «1С: Бухгалтерия 8-де электроднық шот-фактуралармен жұмыс тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға қатысушылар: «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің қызметкерлері және филиалдарының бас бухгалтерлері.
Семинар бағдарламасына сәйкес мынадай мәселелер қаралды:
1. Электрондық нысанда берілетін шот-фактуралардың (бұдан әрі - ЭШФ) жалпы ұғымы және ЭШФ ерекшелігі.
1) ЭШФ ұғымы;
2) Әр түрлі салық төлеушілер топтарына арналған ЭШФ-ны міндетті қолдану;
3) ЭШФ беру ерекшелігі.
2. ЭШФ ақпараттық жүйесі ұғымы.
3. ЭШФ-мен жұмыс үшін сертификат.
4. ЭШФ ақпараттық жүйесінде web-қосымша арқылы жұмыс.
5. ЭШФ нысаны.
6. Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8 берілген ЭШФ беру әдістемесі:
1) ЭШФ беру;
2) Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8 ЭШФ-нің ақпараттық жүйесімен алмасу нұсқасы.
7. Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8-ден алған ЭШФ-ны жүктеу әдістемесі.
8. Қателерді түзету, айналымды түзету және ЭШФ-ның күшін жою.
9. Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8-де ЭШФ-де қателерді түзету әдістемесі:
1) қосымша ЭШФ беру;
2) түзетілген ЭШФ беру;
3) ЭШФ-ның күшін жою;
10. ҚҚС-ты есепке жатқызу ерекшеліктері:
1) ҚҚС-ты есепке жатқызу кезеңін анықтау;
2) Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8-де әртүрлі салық кезеңдерінде есепке жатқызуға жататын ҚҚС сомаларын бейнелеу әдістемесі.
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.