Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жылдық есеп

2017-01-30
Жылдық есеп
Жылдық есеп
Жылдық есеп
2017 жылғы 27 қаңтар күні филиал директоры Н. Шымбаев, «Мемсараптама» РМК филиалдары директорларының қатысуымен өткізілген, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша республикалық есепті жиналысқа қатысты. Жиын барысында Нұрлан Нәрімбайұлы қатысушыларды филиал қызметінің өндірістік және қаржылық-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырды. Есепті 2016 жылы Алматы облысы бойынша филиалда жалпы мәлімделген құны 378 млрд. теңгеге тең жобалау-сметалық құжаттаманың 369 бірлігі қарастырылды, соның ішінде 292 жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік инвестиция есебінен қаржыландырылатыны, бұл жалпы қарастырылған жобалар жалпы көлемінің 79% құрайды. 106,2 млрд. теңгеге мемлекеттік емес инвистициялар есебінен қаржыландырылатын 77 жоба қарастырылды, бұл өз кезегінде 21% тең. Жобалау-сметалық құжаттамаларды сарапшылардың ескертпелері бойынша түзету, дәлелсіз және мақсатсыз шығыстады қысқарту нәтижесінде қарастырылған ЖҚС-тың жалпы құны 307 млрд. теңгеге тең 337-сі бекітілуге ұсынылды, оның ішінде мемлекеттік инвестиция 219,5 млрд. теңге. Бекітілуге ұсынылған құжаттама бойынша жалпы (мәлімделген) құнның арзандауы 2016 жылы 57 млрд. теңгені құрады және бекітілуге ұсынылған құжаттама бойынша жалпы (мәлімделген) құнның қымбаттауы 2016 жылы 3,5 млрд.теңгені құрады.