Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Үйлер мен ғимараттарды жобалау және салуға арналған Еурокодтарға ұқсас ҚР ҚН EN құрылыс нормаларын қолдану» тақырыбындағы семинар

2016-10-31
«Үйлер мен ғимараттарды жобалау және салуға арналған Еурокодтарға ұқсас ҚР ҚН EN құрылыс нормаларын қолдану» тақырыбындағы семинар
«Мемсараптама» РМК-нің 2016 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарын орындау үшін «Мемсараптама» РМК-нің және оның филиалдарының сарапшыларына арналған «Үйлер мен ғимараттарды жобалау және салуға арналған Еурокодтарға ұқсас EN ҚР ҚН құрылыс нормаларын қолдану» тақырыбында 2016 жылдың 24 және 28 қазаны аралығында Алматы қаласында семинар өткізілді. Бұл семинарға «Мемсараптама» РМК-нің БҚО филиалының сарапшылары С.Ю. Егоров және А.М.Валиев қатысты. Семинар барысында 58 бөлімнен тұратын барлық он Еурокод қаралды: 1. Күш түсетін конструкцияларды жобалаудың негіздері (ҚР ҚН EN1990 (Еврокод 0)). 2. Күш түсетін конструкцияларға әсер ету (ҚР ҚН EN 1991 (Еврокод 1)). 3. Темірбетон конструкцияларды жобалау (ҚР ҚН EN 1992 (Еврокод 2)). 4. Болат конструкцияларды жобалау (ҚР ҚН EN 1993 (Еврокод 3)). 5. Болат темірбетон конструкцияларды жобалау (ҚР ҚН EN 1994 (Еврокод 4)). 6. Ағаш конструкцияларды жобалау (ҚР ҚН EN 1995 (Еврокод 5)). 7. Тас конструкцияларды жобалау (ҚР ҚН EN 1996 (Еврокод 6)). 8. Геотехникалық жобалау (ҚР ҚН EN 1997 (Еврокод 7)). 9. Сейсмикаға төзімді конструкцияларды жобалау (ҚР ҚН EN 1998 (Еврокод 8)). 10. Алюминий конструкцияларды жобалау (ҚР ҚН EN 1999 (Еврокод 9)). Сонымен қатар, оларды өтпелі кезеңде қолдану бойынша нұсқаулықтар, Еурокодтарға (EN Eurocodes) ұқсас ұлттық қосымшаларымен және нормативтік-техникалық құралдармен ҚР ҚН EN 1990-1999 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары оқып танылды. Сабақтарды «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның жетекші ғалымдары өткізді – техникалық ғылым докторлары М.С. Абаканов, В.Э. Абсиметов, В.А. Хомяков, техникалық ғылым кандидаттары С.Д. Алдахов, Т.Д. Тулеев, Н.К. Макиш, Н.К. Ицков, оқытушылар Е.В. Кощеев, С.А. Жакишев, А.А. Кравченко. Семинардың қорытындысы және тыңдаушылардың аттестациясына орай біліктілікті арттырудан қатысушыларға сертификаттар берілді.