Бастауыш кәсіподақ ұйымы тобының ұсынысы бойынша «Мемсараптама» РМК Алматы қаласының филиалы 2016 жылғы 15 қазанда филиал қызметкерлері тарапынан Алматы қаласындағы №1 балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетілді. Филиал ұжымының жинаған қаржысына 7 жастан 10 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға 32 данада жылы күртешелер сатып алынып, балаларға табысталды.
№1 Балалар үйінің қызметкерлері филиал қызметкерлеріне балаларға көрсеткен қайырымдылықтары, адами қасиеттері үшін алғыстарын білдірді