1 қыркүйекте миллиондаған оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Олардың бәрі жаңа оқу жылының басталуын шыдамсыздана күтеді. Көбі жаңа портфельдер мен оқулықтарын дайындайды. Алайда, ата-аналардың барлығының бірдей балаларын мектепке дайындауға мүмкіндігі жоқ. Олардың арасында әсіресе мүгедек балаларды тәрбиелеушілер, көпбалалы және жағдайы төмен отбасылар, сондай-ақ біздің қолдауымызды қажет ететін жетім балалар да бар. Жағдайы төмен отбасылардың балаларын қолдау мақсатында «Мемсараптама» РМК қызметкерлері Кәсіпорын Кәсіподағымен бірге «Балаларды мектепке дайындаймыз» қайырымдылық акциясы аясында Заречное кентіндегі № 45 орта мектепке көмек көрсетті. Осы мектептің он оқушысына мектепке қажетті оқу құралдары бар рюкзактар берілді.