Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу процессін түсіндіру» тақырыбындағы аймақтық жиналыс

2016-02-18

2016 жылғы 18 ақпан күні «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының базасында заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мәселелері бойынша жиын өткізілді. Аталған шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғ.Р. Әбдіраимов, тапсырыс берушілер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, салалық сараптамалар, Алматы облысының жобалау ұйымдарының Ассоцияциясы және жобалау ұйымдары қатысты. Жиын барысында күшіне енген заңнамаға енгізілген өзгерістер, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің бір бөлігін бәсекелі ортаға беру, құрылыстың сметалық құнын жобалау-ізденіс және сараптама жұмыстары бөлімін анықтаудың ресурстық әдісін енгізу, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ www.epsd.kz Құжаттаманы қабылдау электрондық порталының негізгі модулі, Тапсырыс берушінің өтінім мен Құжаттаманы автоматтандырылған түрде беруіне, сондай-ақ Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға арналған «Жеке кабинет» жұмысының міндеттемелері түсіндірілді. Жиын жұмысы өте тартысты әрі нәтижелі өтті, көп мәселелер көтеріліп, жауаптар алынды. Көп ретте объектілерге ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді бәсекелі ортаға беру жайында көп сұрақтар қойылды. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар өз сұрақтарына толық жауаптар ала алды.