2016 жылдың 26 шілдесінде «Мемсараптама» РМК-ның БҚО бойынша филиалында жобаны ведомстводан тыс кешенді сараптамаға тапсырудағы, салалық сараптамадан өткізу бөліміне қатысты жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау сұрақтары бойынша жиналыс өткізілді.
Өндірістік бөлімнің жетекші маманы Миргул Елшимбековна Башбаева ЖСҚ қарау кезінде жұмысты жақсартатын мысалдар мен фактілерді назарға ұсынды.
Салалық сараптама қызметкерлері жобалау-сметалық құжаттамасын қабылдау кезінде салалық сараптамадан өткізгендегі ұдайы жіберілетін қателіктер туралы айтты.
Сондай-ақ, ғимараттың жауаптылық дәрежесі және сараптама жүргізудің мерзімі туралы сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.