1971 жылы 7 шілдеде Арқалық қаласында туған, қазақ. Үйленген, екі ұл тәрбиелеп отыр.
Білімі:
Имеет два высших образования:
1993 ж. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы мамандығы, жол қатынастары инженер-құрылысшысы біліктілігі бойынша бітірген;
2005 жылы Қазақ Ресей университетін экономика бакалавры біліктілігі бойынша тәмамдаған.
Наградалары, алғыстары:
2011 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медаль;
2011 ж. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы;
2014 ж. Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаты;
2014 ж. Құрылысшылар күніне Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрмет грамотасы;
2014 ж. Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының Уәкілетті өкілі Р.И.Темірғалиевтің «Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының күндерін ұйымдастыру және өткізуге белсене қатысқаны үшін» алғыс хаты.
Авторлығы, жарияланымдары:
Өнертабысқа авторлық патенттері:
1) Сұйықтың гомогенизациялану тәсілі (қазақ мұнайының сапасын жақсартуға арналған жабдық);
2) Алматы қаласының әуе бассейнін тазарту тәсілі;
3) Ауыл шарушылық дақылдарын жинау тәсілі (әмбебап трактор).
Жұмыс тәжірибесі:
1993 – 2008 жылдар | Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарды әртүрлі лауазымдардағы жұмысы; |
2008 жылғы қазан – 2013 жылғы қараша | «Қазақ Мұнай және газ институты» АҚ, Жобаларды үйлестіру департаментінің директоры, Жобаларды техникалық бақылау және мемлекеттік органдармен келісу департаментінің директоры; |
2013 жылғы қарашадан | «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары. |
Жетекшілік ететін мәселелері:
РМК филиалдарын әдістемемен, ақпаратпен қамтамасыз ету, қызметін бақылау және үйлестіру.