Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Мемсараптама» РМК-нің жастар кеңесі «Эксперт-Сертификация» ЖШС мен «Стройдевелопмент» ЖШС-нің қолдауымен Атбасар қаласындағы «Атбасар қаласындағы ақыл ойы және психикалық дамуыкем балаларға арналған №2 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты мен «Атбасар қаласындағы № 8 түзету мектебінде «Балаларға «Жаңа Жыл сыйла» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар, ойыншықтар, музыка мен бимен айналысу үшін: музыка орталығы, синтезатор, сондай-ақ спорттық сабақтарға бокс бһқолғабы, доптар тарту етілді.
Балалармен танысқаннан және сыйлықтар таратқаннан кейін мектеп тәрбиеленушілері мерекелік концерт ұйымдастырды.