Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің бизнес-процесстерінің презентациясы

2015-12-03
Сараптамалық қызметті жетілдіру және медиа-ақпараттық саясатты жүзеге асыру аясында 2015 жылғы 03 желтоқсан күні «Мемсараптама» РМК-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Батыс Қазақстан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағалары, Тапсырыс берушілер мен жобалаушы ұйымдардың қатысуымен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің бизнес-процесстерінің презентациясы өткізілді. Сараптама жүргізудің бизнес-процесстерінің презентациясы кезең-кезеңмен назарға салынды: - бұрын сараптама қалай жүргізілді және қазіргі таңдағы процессі; - сараптама жүргізудің сұлбасы; - ЖСҚ-ны электронды түрде қабылдау; - жиынтықтылығының автоматты түрде тексерілуі; - шарт жасау; - сараптау қызметі; - қорытындының автоматты түрде қалыптасуы; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар. Презентация барысында қатысушылармен сұрақтар қойылып, оларға жауаптар және түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекция бөлімінің басшысы – Қ.И.Айбергенов сөз сөйлеп, өз алдына қатысушыларды объектілерді пайдалануға қабылдау процесінің өзгерістерімен таныстырды.