Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы

2015-12-08

2015 жылғы 4 желтоқсанда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауымен таныстыру шаралары аясында күрделі экономикалық жағдайлармен байланысты және «100 қадам» стратегиясына сәйкес шешілуі маңызды жаңа талаптар мен міндеттерді түсіндіру мен талқылау мақсатында кеңес болып өтті. Кеңес барысында бейне үзінді көрсетіліп, Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында алға қойған негізгі міндеттер айтылды. Терең дағдарыс жағдайында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы 7 қадамы, жаңа инвестициялық саясатының 7 бағыты, терең дағдарыс жағдайындағы 10 әлеуметтік сенсация және Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін көтеру және техникалық кадрларды даярлау жүйесін дамыту бойынша 3 қадамы қарастырылды. Сонымен, Елбасымыздың Жолдауы бәріміз үшін және түгелдей еліміз үшін терең дағдарыстарды жеңу мүмкіндіктері мен жаңа бірегей жолдарын анықтап берді. Талқылау барысында келесі шешімдер қабылданды: 1. Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын қолдап, ол филиалдың басым міндеттері мен негізгі мақсаттарын анықтаушы құжат ретінде қабылдансын. 2. Менеджменттің біріктірілген жүйесін, IT-технологияларды белсенді пайдалануды, алдыңғы қатарлы бағдарламалық қамтамасыздауды, ЖСҚ электрондық портал арқылы қабылдауды жетілдіру арқылы қызметтер нарығының тұрақты жағдайы қамтамасыз етілсін. 3. Жобаларды мемлекеттік сараптамалау жүйесінің тиімділігі жан-жақты қамтамасыз етіліп, Алматы қаласының аумағында экономиканың барлық салаларындағы нысандар мен кешендердің құрылысына арналған техника-экономикалық негіздемелердің, жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу сапасы арттырылсын. 4. Филиалда Елбасымыз Қазақстан халқының алдына қойған міндеттерді жүзеге асыруға, кәсіби деңгейді және бүкіл ұжымның жауапкершілігін үнемі көтеру бойынша жұмыстар жүргізуге қызметкерлерді толығымен тартуды қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасалсын. 5. Филиалдың материалдық-техникалық базасы дамытылсын, қаржыны жұмсауға қатаң бақылау жүргізілсін, мемлекеттік мүлікке ұқыпты көзқарас қамтамасыз етілсін. 6. Филиал қызметкерлерін әлеуметтік қолдау кәсіподақ комитетінің көмегімен қамтамасыз етілсін. 7. Ұжымда сыбайлас жемқорлық, еңбек тәртібін бұзу, лауазымдық міндеттерін сапасыз орындау және моралдық-психологиялық жағдайды бұзуға қарсы принциптілік және төзбеушілік көрсетілсін.