Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сыбайлас жемқорлықтың және сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлардың алдын алу бақылауын күшейту» тақырыбына жиналыс

2015-11-29
«Сыбайлас жемқорлықтың және сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлардың алдын алу бақылауын күшейту» тақырыбына жиналыс
«Жемқорлық - мемлекттің бәсекеге қабілеттігін айтарлықтау төмендетеді, қоғамдағы демократиялық білім берудің іске асуына кедергі келтіреді, адамдардың заң мен шындыққа, және де билікке деген сенімін бұзды» Н.А. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағының жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде, жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру іс-шарасын орындау мақсатында, және 2015 жылғы 29 мамырдағы «Мемсараптама» РМК-нің республикалық жиналысының хаттамасын орындау мақсатымен және 2015 жылғы 01 маусымдағы қабылданған «Сыбайлас жемқорлықтың және сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлардың алдын алу бақылауын күшейту» шешіміне сай, 2015 жылдың 20 қарашасында «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлықтың және сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлардың алдын алу бақылауын күшейту» тақырыбы аясында құқық магистрі, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құқық пәндері кафедрасының аға оқытушысы Эльвира Серікбайқызы Хабиевамен жиналыс өткізілді. Эльвира Серікбайқызы жемқорлық туралы жалпы мағлұмат беріп, 2014 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген ҚР-ның 2015-2025 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына, жемқорлардың негізгі мақсаты туралы, ғалымдардың дәлелдеріне сүйеніп жемқорлық жасайтын тұлғаларға сипаттама берді. Өзге елдерде жемқорлыққа қарсы жүргізілетін іс-шаралар туралы мысалдар келтірді. Мысалы Сингапур – Азиядағы жемқорлық деңгейі өте төмен елдердің бірі. Барлық елдерде жемқорлыққа қарсы құқықтық база болғанымен, олардың ешқайсысы да Сингапурдағыдай сақталып, қатаң түрде қадағаланбайды. Халықаралық сарапшылардың бағасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама әлемдегі ең тиімділердің бірі деп танылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық келісімдер мен халықаралық ынтымақтастықтарды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2008 жылы 04 мамырда БҰҰ Конвенциясы бекітілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша Румыния, Польша, Эстония, Хорватия, Грузия, Словакия, Латвия, Қытай, Түркия, Біріккен Арабтар Эмираты, Египет және Франция елдерімен 12 келісімге қол қойылған. Қазақстандық демократияға азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру үшін уақыт пен ынталандыру қажет. Заңды сақтау, заң бұзушылыққа қарағанда пайдалы болуы керек. Жиналыс барысында қызметкерлер мен Эльвира Серікбайқызы арасында диалог жүріп, сұрақтар қойылды. «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының ұжымы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құқық пәндері кафедрасының аға оқытушысы Эльвира Серікбайқызына айтылған ақпараттар үшін алғысын білдірді.