Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері» тақырыбындағы семинарға қатысу

2015-09-21
Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері» тақырыбындағы семинарға қатысу
Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері» тақырыбындағы семинарға қатысу
27001 сериясындағы ISO халықаралық стандарының негізінде ақпараттық қауіпсіздік менеджментін құру және құжаттық рәсімдеу бөліміндегі «Мемсараптама» РМК-нің ақпараттық қауіпсіздік саясатын қамтамасыз ету және орындау аясында 2015 жылғы 17-19 қыркүйек күндері «Мемсараптама» РМК-де «TUV Rheinland Kazakhstan» халықаралық оқу концернімен бірлесе «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері» тақырыбында семинар өткізілді, оған «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жетекші маманы Э.Б.Садри қатысты. Аталған семинар ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесін әзірлеу, құжаттау, енгізу және жұмыс жағдайында сақтау үшін қажетті білім мен машықты қалыптастыруға арналған. 27001 сериясындағы ISO халықаралық стандарты ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерін мекеме контексті аясында әзірлеу, енгізу, қолдау және үздіксіз жетілдіру бойынша талаптарды анықтайды, сонымен қатар бұл стандартта мекеме талаптарына сәйкес келетін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін бағалау және өңдеу бойынша талаптар бар. Емтиханды тапсыру нәтижелері бойынша Э.Б.Садри курсты тәмамдау сертификатын алды.